Жаңалықтар

Қазақстан спортшылары осы аптада сегіз ірі жарысқа қатысады

Қазақстан спортшылары осы аптада сегіз ірі жарысқа қатысады

12-18 мамыр аралығында Қазақстанның ұлттық құрамалары түрлі спорт түрлері бойынша халықаралық және республикалық деңгейдегі маңызды жарыстарда бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Апта бойы спорт сүйер қауымды келесі бәсекелер күтіп тұр:

12–19 мамырСпорттық гимнастикадан Әлем кубогінің кезеңі
Словенияның Копер қаласында өтетін әлемдік додада Қазақстан намысын үш гимнаст қорғайды.

13–15 мамырПара дзюдодан Әлем чемпионаты
Астанада өтетін байрақты бәсекеге еліміздің атынан 10 спортшы қатысады.

13–20 мамырКөркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты
Сингапурде өтетін чемпионатта Қазақстан сапынан 8 жас спортшы өнер көрсетеді.

14–17 мамырВелоспорттан Orlen Nations Grand Prix (ерлер)
Польшадағы Ланьцут, Ясло, Ярослав, Устшики-Дольне және Леско қалаларында өтетін жарысқа Қазақстан құрамасынан 6 велошабандоз қатысады.

16–18 мамырСемсерлесуден халықаралық Гран-при турнирі
Қытайдың Шанхай қаласында ел намысын 3 спортшы қорғайды.

17–18 мамырЭстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты
Шымкент қаласында өтетін ұлттық біріншілікке 9 өңірден 293 спортшы қатыспақ.

17–24 мамырБокстан жастар (U-19, U-22) арасындағы Азия чемпионаты
Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өтетін байрақты додада 13 қазақстандық былғары қолғап шебері сынға түседі.

17–25 мамырҮстел теннисінен Әлем чемпионаты
Қатар астанасы Дохада өтетін әлемдік жарыста Қазақстан құрамасының 10 спортшысы бақ сынайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға