Жаңалықтар

Қазақстан спортшылары көркем гимнастика Будапеште төрт алтын иеленді

Қазақстан спортшылары көркем гимнастика Будапеште төрт алтын иеленді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 19.02.2024 08:30 481

Мажарстан астанасы Будапеште өткен көркем гимнастикадан 28-ші Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл сында Айбота Ертайқызы мен Эрика Жайлауова Қазақстан қоржынына 4 алтын медаль салып отыр. 

Бүгін жекелей сында Айбота Ертайқызы доппен, лентамен және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, 3 жаттығуда алтыннан алқа тақты. Ал Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды.

Кеше көпсайыста Айбота күміс (125,2 балл), Эрика қола жүлдегер (122,25 ұпай) атанған. Сондай-ақ мұнда Ұлттық құрама гимнасты Милана Парфилова 4-ші, Зере Бақытжанқызы 6-шы, Айым Мейіржанова 7-ші сатыға тұрақтаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға