Спорт түрлері бойынша еліміздің ұлттық құрамаларының мүшелері 9-15 маусым күндері аралығында қатысатын жарыстар кестесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
10–14 маусым: Нысана көздеуден Әлем кубогы
Ел құрамасынан 15 спортшы қатысады
Өтетін орны: Мюнхен қаласы, Германия
12–15 маусым: U23 және жасөспірімдер арасындағы байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты
Жарысқа 12 спортшымыз қатысады
Өтетін орны: Паттайя қаласы, Таиланд
12–15 маусым: Грэпплингтен халықаралық турнир
Турнирге 10 елден 800 спортшы қатысады
Өтетін орны: Астана қаласы
13–15 маусым: Спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы
Жарыста 1 спортшымыз бақ сынайды
Өтетін орны: Берн қаласы, Швейцария
13–15 маусым: WT таэквондодан Grand Prix Challenge G2 халықаралық турнирі
Байрақты бәсекеге 5 спортшымыз қатысады
Өтетін орны: Шарлотт қаласы, АҚШ
13–15 маусым: Көркем жүзуден Әлем кубогы (Суперфинал)
Жүлде жолында 12 спортшымыз бақ сынайды
Өтетін орны: Сиань қаласы, Қытай
13–20 маусым: Дзюдодан әлем чемпионаты
Ел құрамасынан 12 спортшы татамиге шығады
Өтетін орны: Будапешт қаласы, Мажарстан
14–21 маусым: Садақ атудан Азия кубогы (2-кезең)
Сайыста 10 спортшымыз өнер көрсетеді
Өтетін орны: Сингапур қаласы, Сингапур
Қазақстан спортшылары алдағы аптада қандай жарыстарға қатысады
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары