Жаңалықтар

Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчының төрешілері анықталды

Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчының төрешілері анықталды
Фото: aussiedlerbote.de 08.09.2023 01:11 802

Еуро-2024-ке іріктеу аясында өтетін Қазақстан – Солтүстік Ирландия арасындағы кездесуге неміс төрешілері төрелік етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Матчтың бас төрешісі – Даниэль Шлагер, оған Лассе Козловски мен Свен Вашицки көмектеседі. Төртінші төреші – Мартин Петерсен.

Қазақстан – Солтүстік Ирландия ойыны 10 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

Оқи отырыңыз:

Бүгін, 7 қыркүйекте, Магомед Адиев шәкірттері Финляндиямен өзара кім мықтыны анықтайды.

Қазір құрамамых 9 ұпаймен Н тобында финдерден кейін екінші орында келеді.

Еуро-2024-тің іріктеу циклін жерлестеріміз сәтсіз бастаған. Өз алаңымызда Словенияны ұтып тұрып ұтылып қалдық – 1:2. Есесіне келесі матчта азулы Данияны ұтып сенсация жасадық. Астанадағы кездесуде Магомед Адиев шәкірттері нағыз мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алды. Ойынның 35-минутында қарсыластар сапынан Расмус Хёйлунн дубль авторы атанған болатын. Дегенмен 73-минутта пенальтиді тамаша орындаған Зайнутдинов есеп айырмасын қысқартса, көп ұзамай-ақ Асхат Тағыберген алыстан тұрып қақпаны дәл көздеді. Ал 89-минутта Абат Айымбетов баспен гол соғып, құрамаға жеңіс сыйлады. Бұл матч отандық футбол тарихындағы ең үздік ойынның бірі екені сөзсіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға