Жаңалықтар

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

Мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде жүк жөнелтілді
Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 11.02.2023 01:40 1257

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Гуманитарлық көмекті жөнелтуге Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр М. К. Пішембаев қатысты.

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

Гуманитарлық жүктердің құрамына консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары кірді.

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы Алеппо қаласына төрт рейспен жіберілетін болады.

Гуманитарлық көмекті ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері тиеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға