Жаңалықтар

Қазақстан Сирияға 50 тонна азық-түлік пен төсек-жабдық жібереді

Қазақстан Сирияға 50 тонна азық-түлік пен  төсек-жабдық жібереді
Фото: gov.kz 10.02.2023 16:50 688

Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

“Көмек штаб пәтері Астана қаласында орналасқан азық-түлік қауіпсіздік Ислам ұйымының желісі бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымы шеңберінде болады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 160 миллионн теңгеден астам сома бөлінеді. Жалпы салмағы 50 тонна азық-түлік, жылы киім, шатырлармен, төсек-жабдық ҚР арнайы әуе кемесі арқылы Сирия Араб республикасы аумағына жеткізілетін болады. Бүгін бірінші ұшақ Алматы қаласынан Сирияға ұшып шықты”, - деді Айбек Смадияров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға