Жаңалықтар

Қазақстан Сингапурға аса маңызды шикізат пен табиғи ресурстарды жеткізуге дайын

Қазақстан Сингапурға аса маңызды шикізат пен табиғи ресурстарды жеткізуге дайын
Фото: t.me/aqorda_resmi 23.05.2024 14:40 359

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумында айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

2040 жылға қарай сирек кездесетін металдарға деген әлемдік сұраныс төрт есе артатынын ескере отырып, шамамен барланбаған 5000 кен орны бар Қазақстан осы әлеуетті бірлесе дамыту үшін сенімді серіктес бола алады. Біз Қазақстандағы мыс және фосфат кен орындарын барлауға қызығушылық танытып отырған Indorama компаниясымен ұзақмерзімді ынтымақтастық орнатуға үлкен үміт артамыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміздің жаңартылатын энергия саласындағы зор әлеуетіне қызығушылық артып келе жатқанын атап өтіп, Сингапур компанияларын экологиялық таза энергия өндіру, аталған салада технология және тәжірибе алмасу үшін серіктестікті кеңейтуге шақырды.

Сингапур қоқыс жағу арқылы қуат өндіретін озық қондырғыларымен және қалдықтарды басқару жөніндегі инновациялық технологияларымен танымал. Бізді қалдықтарды реттеудің осы инновациялық тәсілі қызықтырады әрі аталған саладағы ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз, – деді Президент.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға