Жаңалықтар

Қазақстан СІМ-де Иранмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де Иранмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Фото: ҚР СІМ 14.09.2023 20:36 536

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, келіссөздер барысында сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және оны әрі қарай дамытудың келешегін, сондай-ақ екіжақты және көпжақты форматтарда, оның ішінде ИЫҰ және АӨСШК шеңберіндегі өзара ықпалдастықты жалғастыруға дайындықтарын мәлімдеді.

Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға