Жаңалықтар

"Қазақстан" шахтасындағы жұмыстар жалғасуда

"Қазақстан" шахтасындағы жұмыстар жалғасуда
Фото: t.me/qr_tjm 20.08.2023 13:31 720

01 сағат 23 минутта соңғы қаза тапқан тау-кен жұмысшысының денесі жер бетіне көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі уақытта тау-кен құтқарушыларының негізгі күш-жігері Д-6 көмір конвейерінің еңісіндегі қалған өрт ошақтарын сөндіруге бағытталған. Жұмыстарға тау-кен құтқарушыларының екі бөлімшесі жұмылдырылған. 

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов авариялық жұмыстарын жүргізу барысын одан әрі бақылауда.

Атап айтқанда, ол КӘАҚҚ РШО басшылығының жұмыс барысы туралы баяндамалары тыңдалды, үздіксіз түтін, нөлдік көріну, көптеген өрт ошақтары, үлкен тереңдіктегі қазбалардағы жоғары температура жағдайында жүргізілетін жұмыстардың төтенше қаупі атап өтілді.

Осыған байланысты ТЖ министрі іздестіру жұмыстарын тиімді жүргізгені үшін КӘАҚҚ РШО басшылығы мен жеке құрамына алғысын білдірді және жеке құрамның қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, қалған өрт ошақтарын жоюды қамтамасыз ету міндетін қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға