Жаңалықтар

«Қазақстан» шахтасынан 2 адамның денесі табылды

«Қазақстан» шахтасынан 2 адамның денесі табылды
Фото: © El.kz 17.08.2023 17:50 893

«Қазақстан» шахтасында жер астынан хабарсыз кеткен кеншілерді іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда 2 адамның денесі табылды.

Қалған 3 жұмысшы әлі де іздестіріліп жатыр.

Іздеу жұмыстарына қою түтін кедергі келтіруде. Бұл туралы Арселор Миттал Теміртау тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай мәлім етті.

Айта кетейік, Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт шыққан  еді. Шахта ішінен 222 қызметкер жер бетіне шығарылып, бес адамды іздеу жұмысы жүріп жатқанын жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға