Жаңалықтар

«Қазақстан» шахтасына өрт әдейі қойылғаны рас па?

«Қазақстан» шахтасына өрт әдейі қойылғаны рас па?
Фото: ©Globallookpress/Serguei FOMINE 21.08.2023 16:38 801

Әлеуметтік желілерде «Қазақстан» шахтасы қасақана өртелгені туралы мәлімет тарады. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, өрттің себебін анықтайтын сараптамалар тағайындалды.

Облыс тұрғындарынан ықтимал қауесет пен арандатушылыққа берілмеуін, тек ресми ақпаратқа жүгінуін сұраймыз, - деп ескертті Полиция департаментінен.

Еске сала кетейік, ҚР Қылмыстьық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға