Жаңалықтар

Қазақстан қыздар құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталды

Қазақстан қыздар құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталды
Фото: ҚР ҰОК 02.04.2024 17:34 327

7 және 13 сәуір аралығында Андоррада ІІА дивизионда қыздар командалары арасындағы хоккейден әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші дивизионға жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы Бельгия, Испания, Исландия, Тайбэй және Мексика командаларымен тартысқа түседі. Аталған турнирге қатысатын Қазақстан командасының құрамы жасақталды. 

Қақпашылар: Полина Говтва («Торпедо», Өскемен), Арина Щеколова («Томирис», Астана)

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсұлу») Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы – «Томирис»), Мунира Саяхатқызы, Дильназ Саяхатқызы, Карина Фельзинк (барлығы – «Торпедо»)

Қорғаушылар: Аида Олжабаева, Мадина Тұрсынова, Анна Пяткова (барлығы – «Айсұлу») Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы – «Томирис»), Анастасия Дубровская, Катрин Мескини (екеуі де – «Торпедо»)

Бас бапкер - Александр Тебеньков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға