Жаңалықтар

Қазақстан қыз алып қашуда Эфиопиямен қатар тұр – Анас Баққожаев

Қазақстан қыз алып қашуда Эфиопиямен қатар тұр – Анас Баққожаев
Фото: parlam.kz 20.03.2024 12:02 457

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев Қазақстан қыз алып қашу мәселесінде Эфиопиямен қатар тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың сөзінше, қыз алып қашу үрдісі 90-жылдары – Қазақстандағы экономикалық жағдай қиын кезде пайда болды. Оны көбі қазақтың дәстүрі деп шатастырды.

Біздің қазақ – құда түсіп, жөн-жоралғысын әдемі орындайтын халық. Бірақ осы экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты 90-жылдары ондай фактілер болды. Қателесетін шығармын, менің білуімше, қазір қызды алып қашу жоқтың қасы. Себебі дамыған өркениетті елміз. Батыс мемлекеттеріне теңесеміз дейміз. Бірақ Уикипедияға қараңызшы, Уикипедияда қызды ұрлау мәселесінде Қазақстан Эфиопиямен бірдей тұр. Эфиопия қайда, Қазақстан қайда? Соған байланысты менің сұрағым: қыздарымызды алып қашу мәселесінің статистикасы қандай? Егер шын мәнінде ол жоққа жақын болса, онда Уикипедияға ресми түрде хат жазып, Қазақстанды ол мемлекет қатарынан алып тастауға ұсыныс жасайсыздар ма? - деді Мәжіліс депутаты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға