Жаңалықтар

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылды

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылды
Фото: gov.kz 20.06.2023 21:52 709

Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы» келісімге сәйкес ҚХР-да тойланатын «Айдаһар қайықтары мейрамына (Дуань У)» байланысты  2023 жылғы 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөліктік өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар өткізілмейтінін хабарлайды. Теміржолдық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға