Қазақстан-Қытай шекарасы екі күнге жабылады

 turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды El.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты  21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, - делінген хабарламада.

Комитет тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерге енгізілген шектеулерді назарға алып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлау қажеттігін ескертеді.

Оқи отырыңыз