Жаңалықтар

Қазақстан-Қытай шекарасы бірнеше күнге жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасы бірнеше күнге жабылады
Фото: ©El.kz 27.09.2023 19:40 674

29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бірақ қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, - делінген хабарламада.

Комитет тасымалдаушыларға және шекарадан өтуге ниет білдірушілерге осы өзгерістерді ескере отырып, жол бағдарын алдын-ала жоспарлау керегін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға