Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының матчына Головкин келеді

Қазақстан құрамасының матчына Головкин келеді
Фото: instagram.com/gggboxing 08.09.2023 09:36 912

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 10 қыркүйек күні өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Астана Аренада» өтетін матчта Солтүстік Ирландиямен шеберлік байқасамыз.

Бұл ойында командаға қолдау көрсетуге ағайынды Геннадий мен Максим Головкиндер арнайы келеді.

Жақында үйде боламыз. 10 қыркүйекте футболда кездесіп, құрамаға қолдау көрсетеміз, - деп жазды боксшы өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Магомед Адиев шәкірттері Еуро-2024-ке іріктеу аясында қыркүйек айында өз алаңында екі ойын өткізуі керек еді. Алғашқысында Финляндямен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға