Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының капитанына Түркия клубы қызығушылық танытып отыр

Қазақстан құрамасының капитанына Түркия клубы қызығушылық танытып отыр
Фото: © ҚФФ 09.08.2023 19:01 759

Ozgurkocaeli мәліметінше, «Коджаэлиспордың» бас бапкері Эртугрул Саглам бұл трансферді мақұлдаған. Клуб Тағыбергеннің өзімен келіссе болғаны, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

32 жастағы жартылай қорғаушы «алтылық» немесе «сегіздік» позицияда ойнай алады. Эртугрул Саглам келісімшарт мерзімі 31 желтоқсанда аяқталатын тәжірибелі жартылай қорғаушыны қатарға қосуды құптады.

Оқи отырыңыз:

Тағыберген +1 квотасы бойынша келіп тұр. Оның үстіне «Коджаэлиспор» клубында ойнауға дайын. Дегенмен «Коджаэлиспор» басшылығы қызығып отырған ойыншымен келісімшарт жасалмаған, - деп жазды дереккөз.

Тағыберген Қызылорда футболының түлегі. Карьерасында «Қайсар», «Тобыл», «Астана» және «Ақтөбе» клубтарында өнер көрсетті.

2014 жылы Қазақстан құрамасына шақыртылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға