Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының 8 қазандағы жарыс қорытындысы

Қазақстан құрамасының 8 қазандағы жарыс қорытындысы
Фото: Нұрғали Жұмағазы 08.10.2023 19:06 787

Қазақстан құрамасы Азия ойындарын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында артистік жүзуден командалық жарыста сапында Жаклин Якимова, Этери Какутиа, Арина Пушкина, Анна Павлецова, Ясмин Тұяқова, Айгерім Құрманғалиева, Наргиза Болатова, Жания Жиенғазы, Арина Мясникова, Ксения Макарова сынды спортшылары бар Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Каратэден 50 келі салмақта финалға шыққан Мөлдір Жаңбырбай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

14-ші соңғы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 10 алтын, 22 күміс және 48 қола жүлде бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға