Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы маунтинбайктан Азия чемпионы атанды

Бұл туралы Оlympic.kz мәлімдеді
Қазақстан құрамасы маунтинбайктан Азия чемпионы атанды
Фото: olympic.kz 19.10.2022 15:34 1236

Тау велосипедінен Қазақстан командасы Кореядағы Азия чемпионатының бірінші күнінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

XCR (эстафета) пәнінде Денис Сергиенко, Алексей Фефелов, Егор Карасев, Алина Меркулова және Темирлан Мухамедиянов 20 шақырым қашықтықта ең жақсы уақытты көрсетті (1:27:30).

Естеріңізге сала кетейік, 21-22 қазанда шабандоздар жарысы XCO-мен басталады, ал жарыстың соңғы күні қатысушылар XCE-пәнінде медальға таласады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға