Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Әлем кубогында екі медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Әлем кубогында екі медаль жеңіп алды
Фото: instagram.com/drs_kz 17.04.2023 12:07 1034

Ташкентте көркем гимнастикадан Әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жарыстың кезекті күні отандастарымыз шығыршық жаттығуының финалында 28,15 ұпаймен екінші орынға ие болды.

Қазақстан құрамасы сапында Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман өнер көрсетті.

Алтынды 33,40 ұпаймен Қытай елінен келген жеңіл атлеттер жеңсе, қола өзбекстандықтарға бұйырды (27,95 ұпай).

Сондай-ақ біздің команда лента, доп жаттығуларында 26,15 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға