Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Олимпиаданың іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының дерегінше, бүгін шайбалы хоккейден әйелдер арасында 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі аясында Пьештяни қаласында Қазақстан құрамасы Словениямен кездесіп, 3:0 есебімен басым түсті. Еліміздің сапынан Мунира Саяхатқызы, Пернеш Ашимова, Мадина Тұрсынова шайба соқты.
Енді отандастарымыз 15 желтоқсанда топтағы шешуші ойынын Исландияға қарсы өткізеді.
Қазақстан құрамасы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирін жеңіспен бастады
Оқи отырыңыз
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік