Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аттанды

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аттанды
Фото: ҚР ҰОК/ ©Сабиров Сали 20.09.2023 11:12 874

Сары құрлықтың басты бәсекесі 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысады. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін таласады.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері Азия ойындарына сегізінші рет қатысқалы отыр.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аттанды

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аттанды

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аттанды

Еске салсақ, осыған дейін Туризм және спорт министрлігі Азия ойындарында жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына берілетін ақшалай ынталандыру мөлшерін жариялаған болатын. Атап айтқанда, құрлық чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 доллар қарастырылып отыр. Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 доллар, ал жаттықтырушысы 3000 доллар көлемінде сыйақы алады.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аттанды

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аттанды

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аттанды

Сондай-ақ қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 доллар, ал оның жаттықтырушысына 2000 доллар көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген.

Азия ойындарының ашылу салтанаты 23 қыркүйекте Олимпиада спорт орталығы стадионында өтеді. Жарысқа сары құрлықтағы 45 мемлекеттен 15 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 40 түрінен жалпы саны 481 медаль жиынтығын өзара сарапқа салады.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға