Жаңалықтар

Қазақстан қоржынына универсиаданың алтыншы медалі түсті

Қазақстан қоржынына универсиаданың алтыншы медалі түсті
Фото: sports.kz 21.01.2023 09:36 3493

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан универсиадада Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Трамплиннен шаңғымен секіру спортында ерлер командасының мүшелері Данил Васильев пен Сергей Ткаченко үздік нәтиже көрсетіп, универсиаданың күміс меделін иеленді. Қазақстандық команда австриялық командаға жол беріп, Жапония спортшыларын қапы қалдырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға