Жаңалықтар

Қазақстан Қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бригадасының құрылғанына 20 жыл толып отыр

Қазақстан Қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бригадасының құрылғанына 20 жыл толып отыр
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 23.09.2023 22:48 421

68665 әскери бөлімінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған мерекелік концерт Бейбітшілік және келісім сарайында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Арнайы мақсаттағы бригаданың үздік әскери қызметшілері грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік концерт Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтті.

Жиырма жылғы қалыптасу және даму жолында бригаданың өзіндік даңқты жауынгерлік дәстүрі болды. Республикада және әскерлерде мақтан тұтатын әскери қызметшілердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Күрделі және қиын жағдайда құраманың жеке құрамы әскери және қызметтік борышына адал болды. Бөлімнің әскери қызметшілері алдына қойылған міндеттерді кез келген жағдайда орындауға қабілетті екенін бірнеше рет дәлелдеді. 

Қазіргі уақытта әскери бөлім елордада орналасқан абыройлы, беделді құрамалардың бірі болып табылады. Сондықтан мектеп оқушыларымен, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулер жиі өтеді. Әскери-патриоттық және спорт клубтарының тәрбиеленушілерімен сабақтар тұрақты түрде өтетіндіктен, жасөспірімдер әскери қызметшінің кәсібі жайлы байыпты ойлайды.

Құраманы құрылған уақыттан бастап әр жылдары генерал-майор Дулат Адырбеков, полковник Ермек Әлмұхаметов, генерал-майор Алмаз Жұмакеев, подполковник Нұрлан Кәрібаев басқарды. Қазіргі уақытта әскери бөлімге подполковник Абай Әлібеков басшылық етеді. 

Арнайы мақсаттағы бригада соңғы үлгідегі және заманауи қару-жарақпен жабдықталған. Бүгінгі таңда бригада жеке құрамының жауынгерлік әзірлігі мен машығы кез келген тапсырманы орындауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға