Жаңалықтар

Қазақстан президенті: Владимир Путин – сөзімен де, ісімен де жаһандық ахуал­ға ықпал ететін тұлға

Қазақстан президенті: Владимир Путин – сөзімен де, ісімен де жаһандық ахуал­ға ықпал ететін тұлға
Фото: Akorda.kz 03.01.2024 09:40 890

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында биыл Ресейде өтетін президент сайлауына қатысты да пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы, 2024 жылы Ресейден бөлек АҚШ-та, Ұлыбритания, Үндістан, Әзер­байжан және тағы да басқа мемлекеттерде сайлау өтеді. Сондай-ақ Еуропарламент депутаттары сайланады. Тоқаев Қазақстан бұл саяси науқанның бәрін жіті бақылап отыратынын алға тартты. Соның ішінде көрші Ресейдегі сайлаудың да маңызы зор екені анық. Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы Владимир Путин туралы да ойын жеткізді.

Ресей Федерациясының әлемдік сая­сатта аса маңызды рөл атқараты­нын және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі екенін ұмытпаған жөн. Ресей президенті Владимир Путин – сөзімен де, ісімен де жаһандық ахуал­ға ықпал ететін тұлға. Ресейдің ұста­ны­мымен бүкіл әлем санасатыны жа­сырын емес. Бұл мемлекеттің қаты­суын­сыз дүние жүзінде бірде-бір проблема шешілмейді. Ол айдан анық.

Сондықтан Ресей секілді алпауыт елдегі президент сайлауының халықаралық мән-маңызы қашан да жоғары және оған әлемнің көптеген елі назар аударады, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі елдің та­уар айналымы 2023 жылдың бастапқы 10 айында 21,4 миллиард доллар болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға