Қазақстан президенті Таиланд халқын Ұлттық мерекемен құттықтады

 Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан президенті жеделхатында Таиланд корольдігінің халықаралық аренада және әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

Сонымен қатар Президент Таиланд Корольдігімен дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз