Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Қатар әмірін әуежайдан күтіп алды

Қазақстан Президенті Қатар әмірін әуежайдан күтіп алды
Фото: Ақорда 07.06.2023 17:59 414

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Астана әуежайында қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгін мемлекеттер басшылары екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға