Жаңалықтар

Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшті

Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.03.2024 15:56 358

Мереке күндері Қазақстан полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кірісті. 

Сонымен қатар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесі арқылы мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда бақылау күшейтілді.

Жалпы ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі шараларын сақтауға аса мұқият кіріспек.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға