Жаңалықтар

Қазақстан пара-шаңғышысы әлем чемпионы атанды

Қазақстан пара-шаңғышысы әлем чемпионы атанды
Фото: csp-parasport.kz 25.01.2023 11:09 730

Ербол Хамитов шаңғы спортынан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ербол спринттен өткен чемпионатта 2:44,23 секундта алтын жүлдені жеңіп алды. Украиналық спортшы Тарас Рад екінші, бразилиялық Кристиан Вестмайер Рибейра үшінші болып мәреге жетті.

Бұған дейін Ербол әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

Швецияның Эстерсунд қаласында шаңғы мен парабиатлоннан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 18 елінен 102 спортшысы қатысты. Чемпионат 29 қаңтарға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға