Жаңалықтар

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында кезек пайда болды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында кезек пайда болды
Фото: ҰКҚ 11.06.2024 14:40 237

ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы жекелеген өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының жиналуы тіркеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, «Жібек жолы» өткізу пунктінде бұл іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» БӨП-те құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуіне байланысты.

Сондай-ақ қазақстандық «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» шекаралық өткелдерінде қайта жаңарту жүргізілуде, ал «Қапланбек» бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық.

Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері шаттық режимде жұмыс істеуде. Өз маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға