Жаңалықтар

Қазақстан өртті сөндіру үшін неге өзге елдерден көмек сұрамағаны белгілі болды

Қазақстан өртті сөндіру үшін неге өзге елдерден көмек сұрамағаны белгілі болды
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 14.06.2023 14:27 905

Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстарына Өзбекстан мен Түркия елдері көмек қолын ұсынып отыр. Дегенмен Қазақстан басқа елдерден көмек алмады. Бұл мәселе жөнінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналистер Қазақстан орман өртін өшіруге не себепті басқа елдерден көмек сұрамай отырғанын сұрады.

Бірқатар мемлекет өзінің көмегін ұсынып жатыр. Дегенмен бүгінгі таңда Қазақстанның әлеуеті мен техникалық қауқары жеткілікті. Кәсіби деңгейдегі құтқарушылар мен өрт сөндірушілеріміз, мамандарымыз бар. Солардың әлеуеті де жеткілікті ғой деп ойлаймын, - деді Ерлан Қошанов.

Еске сала кетейік, кеше Өзбекстан мен Түркия президенттері Қазақстанға көмек беруге ұсыныс білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға