Жаңалықтар

Қазақстан оқушылары тоғызқұмалақ бойынша рекорд қойды

Қазақстан оқушылары тоғызқұмалақ бойынша рекорд қойды
Фото: gov.kz 10.09.2023 12:20 753

Алматы қаласында тоғызқұмалақтан сайыс өтті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Іс-шара аясында бір мезетте 2028 оқушы  тоғызқұмалақ ойнап, рекорд орнатты. 

Бұл жаңалықты Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі тіркеді.

Сондай-ақ Тоғызқұмалақ күні тек Қазақстанда ғана емес, бірнеше мемлекетте де тойланды: Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Латвия, Румыния, Бангладеш, Түркия және Колумбия. 

Айта кетейік, 2023 жылдың 21-24 қыркүйегі аралығында Алматы қаласындағы ADD үстел теннисі орталығында рапид және блиц бойынша оқушылар  арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді. Турнирге әлемнің 20 елінен 150-ден астам ойыншы қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға