Жаңалықтар

Қазақстан өкілі Португалияның футбол клубына құрылтайшы болды

Қазақстан өкілі Португалияның футбол клубына құрылтайшы болды
Фото: facebook.com/fazylbek 14.12.2023 20:49 929

Қазақстандық Фазылбек Әбсаттарұлы Португалияның кәсіби футбол лигасында ойнап жүрген «Брагалона» футбол клубына құрылтайшы болды. Бұл туралы спорт маманы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бірінші бол сайтына сілтеме жасап. 

Отандық футболды дамыту мақсатында Еуропа елдеріне жасөсіпірідерді жарысқа апарып жүрген Ф.Әссаттарұлы Португалияға жиі барады. Ол кезекті сапарының бірінде жергілікті кәсіби клубтардың біріне назар аударғанын мәлімдеді.

«Португалия кәсіби футбол лигасында ойнап жүрген Брагалона футбол клубына құрылтайшы болдым. Бұдан кейін Португалияда футбол клубтарыңыз бар. Бұл да бір Қазақстан үшін үлкен жетістік деп ойлаймын», - деп жазды ол.

Клуб тарапы бұл серіктесті жоғары бағалап, алда жақсы жобаларды жүзеге асыратынын сенімді болып отыр.

«Әйелдер футболын дамыту үшін серіктестік маңызды. Біз бұл үлесті бағалаймыз және әйелдер футболы мен футбол жаттығуларының пайдасына болашақ жобаларды асыға күтеміз», - деп жазылған «Брагалона» клубы таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға