Жаңалықтар

Қазақстан өкілдері Страсбург университеттік клиникаларының тәжірибесімен танысты

Қазақстан өкілдері Страсбург университеттік клиникаларының тәжірибесімен танысты
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 25.11.2023 18:42 526

"Страсбург университеттік клиникаларының тәжірибесі" медициналық семинарының шеңберінде Францияның жетекші профессорлары мен дәрігерлері АГжПҒО базасында EPG адами капиталды дамыту қорымен  бірлесіп акушерлік және гинекология саласындағы озық емдеу технологияларымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Страсбург университетінің ауруханаларында гинекология, ана және репродуктивтік медициналық көмек бөлімшесінің  меңгерушісі Olivier Pirrello өзінің "Әйелдердің репродуктивтік технологиялары мен бала тууын  сақтау" дәрісінде репродуктивтік технологиялар мен бала тууын сақтау әдістерінің соңғы жетістіктерін ұсынды. Әйелдер үшін бала тууын сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін инновациялық тәсілдер мен заманауи әдістерге баса назар аударылды.

Olivier Pirrello сонымен қатар "Француз ұлттық акушер-гинекологтар колледжінің преэклампсияға арналған клиникалық нұсқауларын" ұсынды.

Страсбург университетінің ауруханаларының гинекологиялық онкология бөлімшесінің бастығы Cherif Akladios кесарь тілігі арқылы медициналық көмектің сапасын бағалау мәселесін егжей-тегжейлі қарастырды, сонымен қатар терең эндометриозға арналған хирургия саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Акушер-үйлестіруші, Страсбург университетінің ауруханаларының акушерлік менеджері Nadine Knezovic өз дәрісінің шеңберінде Францияда акушерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және күтімнің жоғары стандартын қамтамасыз ету үшін қолданылатын тәжірибелерімен және әдістерімен бөлісті.

Іс-шара барысында Страсбург университетінің ауруханалары дайындаған "Жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына ерекше көмек" деректі фильмі ұсынылды. Фильм жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау мәселелерін қарастырады және осы тұрғыда медициналық қоғамдастықтың рөлін зерттейді. Мұндай оқыту семинарлары медициналық білім мен технологиялардың белсенді алмасуын дамытуға, отандық медицинада инновациялық практикаларды енгізуді ынталандыруға мүмкіндік береді, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға