Жаңалықтар

Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады

Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады
Фото: © Pixabay.com 05.06.2023 09:09 543

Мұнай өндіруші елдер өндіріс көлемін қысқартуды жалғастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ОПЕК+ елдерінің шешімін қолдағандар арасында Қазақстан да бар.

Энергетика министрінің мәліметінше, 2024 жылдың соңына дейін Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге азайтуды жалғастырады.

Естеріңізде болса, сәуірде ОПЕК+ кезекті отырысында ұйымға мүше мемлекеттер мұнай өндіруді қысқарту туралы ортақ мәмілеге келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға