Жаңалықтар

«Қазақстан мұғалімі» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

«Қазақстан мұғалімі» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.04.2024 17:55 282

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы – «Әлем мұғалімі» халықаралық сыйлығының жаһандық мұғалімдер сыйлығының кезеңіне өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Байқау кез келген бастауыш және орта білім беру мектептерінің (орта мектептер, гимназиялар, лицейлер, жеке және мемлекеттік мектептер) мұғалімдері үшін ашық және елімізде рекордтық 20 миллион теңгеге тең жүлде қорына иеү

«Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Сыйлығы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатыр. Ол 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры бар «Әлем мұғалімі» Жаһандық сыйлығының (Global Teacher Prize) ұлттық кезеңі болып саналады.

Байқау мұғалімдердің академиялық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызды, қоғамдық қызметтегі ерекше жетістіктерін атап өтеді. Әлеуметтік жобаларда мұғалімнің жұмыспен қамтылуы балаларды біріктіруге, олардың өзара іс-қимылын шығармашылықпен, біліммен толтыруға мүмкіндік береді және өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуына әсер етеді.

 «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы туралы толық мәліметті https://www.teachers-summit.org сілтемесі арқылы көруге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға