Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Жапонияны артта қалдырды

 reporter
Фото: reporter

Speedtest Global Index 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жаңартылған рейтингін жариялап, мобильді интернет сапасы жоғары елдерді атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сол тізімде Қазақстан 45-орыннан көрінді. Бұл алдыңғы есеппен салыстырғанда бір саты жоғары көрсеткіш.

Қызығы, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы жөнінен Канада (46-орын), Италия (50), Испания (52), Германия (56), Ұлыбритания (57), тіпті Жапонияны (64) да артта қалдырған.

Қалалар рейтингіне келсек, Астана мен Алматы иық тірестіріп тұр:

  • Астана бес орын төмендеп, 62-орынға түскен, орташа жылдамдық - 132,13 Мбит/с;
  • Алматы екі орын төмендеп, 63-орынға орналасқан, орташа жылдамдық - 130,72 Мбит/с.

Фиксацияланған (үйдегі) интернет жылдамдығында көрсеткіш төмендеу - Қазақстан әлем бойынша 89-орында, дегенмен өткен жартыжылдықпен салыстырғанда бір саты көтерілген. Орташа жылдамдық - 82,47 Мбит/с.

Мобильді интернет жылдамдығы бойынша үздік 5 ел:

  1. БАӘ - 652,87 Мбит/с
  2. Қатар - 515,23 Мбит/с
  3. Кувейт - 384,40 Мбит/с
  4. Бразилия - 251,55 Мбит/с
  5. Болгария - 237,03 Мбит/с

Айта кетейік, биылғы алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстан мобильді интернет сапасы рейтингінде 47-орында болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім.

Оқи отырыңыз