Жаңалықтар

Қазақстан мен Үндістанның екіжақты тауар айналымы 2,5 млрд долларға жетті

Екі ел көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Қазақстан мен Үндістанның екіжақты тауар айналымы 2,5 млрд долларға жетті
Фото: Сыртқы істер министрлігі 08.02.2023 23:14 1185

Қазақстан мен Үндістанның екіжақты тауар айналымы 2,5 млрд долларға жетті, деп хабарлайды El.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Үндістан Республикасының Елшісі Шубдаршини Трипатимен кездесуінде белгілі болды.

Тараптар Қазақстан-Үндістан стратегиялық әріптестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ көпжақты бірлестіктер шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша, оның ішінде ҚР-дың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесте төрағалығы және Үндістанның Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен «Үлкен жиырмалыққа» (G20) ағымдағы төрағалығы аясында пікір алмасты.

Кездесу барысында 2023 жылы жоғарғы және жоғары деңгейлердегі іс-шаралар мен өзара сапарлар кестесі қаралды.

Қ. Тумыш екі ел арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық, инвестициялық-технологиялық ынтымақтастықты, сондай-ақ денсаулық сақтау, фармацевтика, энергетика және ақпараттық технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 22,4%-ға өсіп, 2,5 млрд АҚШ долларға жеткен екіжақты тауар айналымының оң динамикасы қанағатпен атап өтілді.

Дипломаттар 2023 жылғы ақпан айында Қ. Тумыштың Нью-Делиде жұмыс сапарының шеңберінде СІМаралық консультациялар және Үндістан СІМ басшылығымен өтетін бірқатар екіжақты кездесулер күн тәртібіне ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдделі бағыттардың барлық спектрі бойынша екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында тығыз байланыстарды қолдауға келісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға