Жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер саны көбейеді

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлім етті
Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер саны көбейеді
Фото: gov.kz 09.11.2022 19:23 1829

Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстері қатынай бастайды, деп хабарлайды El.kz

«Turkish Airlines» түрік әуе компаниясы ағымдағы жылдың 20 қарашасынан бастап А-320 және Б-737 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы жылдың 5 желтоқсанынан бастап Астана және Анкара қалаларына арасында аптасына 2 рейс жиілігімен жаңа рейс қатынайтын болады.

Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға