Жаңалықтар

Қазақстан мен Тәжікстанның қорғаныс министрлері екіжақты кездесу өткізді

Қазақстан мен Тәжікстанның қорғаныс министрлері екіжақты кездесу өткізді
Фото: Қорғаныс министрлігі 29.03.2024 07:19 298

Астанаға Тәжікстан қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзоның басшылығымен әскери делегация келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Тәжікстан қорғаныс ведомствосының басшысы алдымен құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Тәжікстан қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзоның кездесуі өтті. 

Тараптар кеңейтілген форматта екі елдің әскери саладағы қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйін талқылады.

Сапар бағдарламасында делегацияның ҚР Ұлттық қорғаныс университетіне, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларындағы Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына баруы көзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға