Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресейдің ТЖМ-ы бірлескен оқу-жаттығу өткізді

Қазақстан мен Ресейдің ТЖМ-ы бірлескен оқу-жаттығу өткізді
Фото: gov.kz 01.10.2023 02:28 561

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Ресей ТЖМ Омбы облысы бойынша Бас басқармасы арасында Железин ауданы Лесное ауылдық округі Разделное ауылының маңындағы шекаралас аумақтарда бірлескен оқу-жаттығулар өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-жаттығулар мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында туындайтын орман және дала өрттерін сөндіруге ден қою жөніндегі басқару органдарының, күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруға бағытталған.

Оқу-жаттығу 27-29 қыркүйек аралығында 3 күн өтті. Оқу-жаттығуға 33 бірлік техника мен 108 адам қатысты.

Бұл трансшекаралық оқу-жаттығулар мемлекеттердің іргелес аумақтарында туындайтын табиғи өрттерді сөндіруге ден қою жөніндегі күштер мен құралдарды басқару органдарының өзара іс-қимылын пысықтау, орман және дала өрттерін сөндіру әдістері мен тәсілдерін көрсету және пысықтау, қалыптасқан жағдайға және күштер мен құралдарды тарту жоспарына, сондай-ақ іргелес аудандармен және мемлекетпен өзара іс-қимыл жөніндегі жоспар мен нұсқаулықтарына сәйкес, күштер мен құралдарды басқару бөлігінде, өрт сөндіру штабының жұмысын жетілдіру, ірі орман және дала өрттерін сөндіру кезінде тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін жасалған.

Оқу-жаттығу шеңберінде шекарадан өтудің оңай жолы пысықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға