Еліміздің ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында достық қарым-қатынастағы екі елдің ғылым және жоғары білім бағытындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Ведомство басшысы отандық ғылымның соңғы жетістіктеріне, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына, жоғары білім беруді жаңғыртуға және ғалымдарға арналған бағдарламаларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Сонымен қатар, тараптар көрші мемлекеттердің студенттері сапалы және қолжетімді білім алу шарттарын жақсарту туралы уағдаластыққа келді.
Ресей Федерациясы Президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі жүргізіп жатқан трансформация туралы айтты.
Кездесу соңында Саясат Нұрбек Қазақстан мен Ресей арасында ғылым мен жоғары білім саласында көпжылдық жемісті ынтымақтастық орнатылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, серіктестік аясында Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасындағы филиалдары ашылды. Қазір жұмысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің базасында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің, Utebayev University базасындағы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің (ҒЗУ) филиалдары, сондай-ақ М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің өкілдігі белсенді жүзеге асуда. Ағымдағы жылдың күзінде Д.И.Менделеев атындағы РХТУ филиалы ашылады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылым мен жоғары білім саласында көпжылдық байланыс орнаған - министр
Оқи отырыңыз
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?