Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай техникалық мамандарды бірлесіп дайындайды

Жоғары білікті мамандарды бірлесіп даярлау бағдарламасы әзірленді
Қазақстан мен Қытай техникалық мамандарды бірлесіп дайындайды
Фото: Сыртқы істер министрлігі 05.03.2023 03:17 756

Қазақстан мен Қытай жоғары білікті техникалық мамандарды бірлесіп дайындайды, деп хабарлайды El.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Еліміздің Қытайдағы Елшілігінің жәрдемдесуімен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Тяньцзинь кәсіби университеті арасында Қазақстанда «Лу Бань шеберханасын» құру мәселесі бойынша ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар озық Қытай технологиялары мен жабдықтарын пайдалана отырып, машина жасау саласындағы техникалық мамандарды бірлесіп даярлау жөніндегі бағдарламаны іс жүзінде іске асыруға уағдаласты. Келешекте электрокөліктер, ЗD-басып шығару, өндірісті автоматтандыру және т.б. сияқты салаларда ынтымақтастық бағыттарын кеңейту көзделген.

«Лу Бань шеберханасы» жобасын іске асыру Қазақстанның кәсіби техникалық кадрлардағы қажеттілігін толықтыруға ықпал етеді. 

Бұл жоба 2022 жылғы Қазақстан мен Қытай мемлекеттер басшыларының уағдаластықтары шеңберінде іске асырылуда.

Бүгінгі таңда әлемнің 21 елінде 26 «Лу Бань шеберханасы» жұмыс істейді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға