Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев өзінің әріптесі, ҚХР Жоғарғы Халықтық Сотының Төрағасы Чжан Цэюньның шақыруымен Қытайға ресми сапармен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық делегация құрамында Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Манат Көміршінов, ҚР Сот әкімшілігінің цифрландыру және халықаралық байланыстар бөлімдерінің меңгерушілері Шәкір Шаяхметов пен Нұржан Молдақов болды.
Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың сот билігінің басшылары әріптестік және өзара қарым-қатынастың қол жеткізген нәтижелерін жоғары бағалады.
Асламбек Мерғалиев Мемлекет басшысының Қазақстанның сот жүйесін реформалаудағы тапсырмаларын іске асыру бойынша жетістіктерімен бөлісті және цифрлық инновациялар саласындағы Қытайдың озық тәжірибесімен терең танысуға ниет білдірді.
Сапарда сот төрелігін цифрлық түрлендіруге баса назар аударылды. Технологиялық жаңашылдықты
сот практикасына енгізуде көшбасшы ретінде танылған Қытай ауқымды зерттеуге қызығушылық тудырады.
Тараптар осы саланы одан әрі дамытуға, сот төрелігінің ілгерілеуіне ықпал ететін перспективалық идеялар мен шешімдермен бөлісуге дайындығын және ниетті екендіктерін білдірді.
Қазақстан делегациясы Қытайдың жетекші соттарына және Бейжің Интернет-соты мен Шанхай Жоғары халықтық сотына барды, бұл сот төрелігі жұмысында ІТ-инновацияларды қолдануды іс жүзінде көруге мүмкіндік берді.
Бұл тарихи оқиға екі ел арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік аясында дамып келе жатқан тығыз және достық қарым-қатынасты айғақтайды.
Қазақстан мен Қытай соттары өзара тәжірибе алмасуда
Оқи отырыңыз
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды