Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылады
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА 07.02.2024 15:14 558

2024 жылғы 9-11 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлкеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 9-11 ақпанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға