Жаңалықтар

Қазақстан мен Литва сыртқы саяси жоспарлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Литва сыртқы саяси жоспарлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 14.06.2024 21:42 994

Қазақстан мен Литва Сыртқы істер министрліктері арасындағы уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде сыртқы саяси жоспарлау және талдау мәселелері бойынша департамент директорлары деңгейінде консультациялар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық тарапты ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Ануарбек Ахметов, литвалық тарапты – ЛР СІМ Стратегиялық жоспарлау және анализ департаментінің директоры Марюс Януконис басқарды.

Консультациялар барысында тараптар сыртқы саяси жоспарлау мен мемлекеттік басқару салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің барлық спектрі бойынша пікір алмасты, сондай-ақ департаменттер арасындағы тұрақты консультациялар тәжірибесін жалғастыруға келісті.

Іс-шараға қатысушылар ҚР мен ЛР арасындағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, елдер арасындағы сындарлы және сенімді диалогты, оның ішінде ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық келісімінің рухында одан әрі тереңдетуге деген көзқарасты растады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға