Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастық өзгере ме?
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
07.11.2023 11:49
766
Израиль Сырты істер министрлігінің өкілі Симона Гальперин Қазақстанмен ынтымақтастық байланысы жөнінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Израиль Сыртқы істер министрлігінің өкілі Симона Гальперинмен өткен баспасөз отырысында БАҚ өкілі «Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастық қандай дәрежеде?» деп сұрады.
Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастық қатынас жалғасады. Бізде экономикалық, дипломатиялық және өзара үлкен байланыс бар. Қазақстан мен Израиль арасында мұнай экспорты және технология импорты жалғасып келеді. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта өз шекарасын кеңейтетініне сенемін, - деп жауап берді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісуда жантүршігерлік жол апаты болды
Келесі жаңалық
Қазақстаннан әлемнің 32 еліне ұшуға болады