Жаңалықтар

Қазақстан мен Испания экономикалық өзара іс-қимылды жандандыруға келісті

Қазақстан мен Испания экономикалық өзара іс-қимылды жандандыруға келісті
Фото: Сыртқы істер министрлігі 23.01.2024 05:32 574

Қазақстан Елшісі Данат Мұсаевтың Испанияның Cауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы – Қазақ-испан үкіметаралық комиссиясының тең төрайымы Шиана Мендеспен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында өткен жылдың қорытындылары жасалды. Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың дамуындағы оң үрдістерді атап өтіп, 2023 жылғы мамырда Астанада өткен ҮАК-тың 10-шы және Іскерлік кеңестің 7-ші отырыстарының нәтижелерін жоғары бағалады.

Келіссөздердің жекелеген тақырыптары цифрландыру, логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Испанияға экспортталатын қазақстандық тауарлар номенклатурасын кеңейту болды.

Сонымен қатар, сұхбаттасушылар сирек кездесетін металдарды өндіру және қайта өңдеу, өнеркәсіптік технологияларды беру салаларындағы мүмкіндіктерді талқылады.

Д. Мұсаев елдеріміз арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа тауашаларды ашуға мүмкіндік беретін инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімді тез арада өзектендіру қажеттілігіне Мемлекеттік хатшының назарын аудартты.

Өз кезегінде, Ш. Мендес елдеріміз арасындағы қазақ-испан стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығына орай бизнес-конференциялар ұйымдастыруға дайын екендігін білдірді. Іс-шаралар келесі тақырыптарға бағытталатын болады: Транскаспий халықаралық көлік бағыты, тау-кен және агроөнеркәсіптері және ауыл шаруашылық.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаңа беталыстардағы экономикалық өзара іс-қимылға серпін беруге уағдаласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға