Қазақстан мен Испания дипломаттары ынтымақтастық бойынша пікір алмасты

 СІМ-нің баспасөз қызметі
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі

Еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Луис Франсиско Мартинесті қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады. Кездесуде Қазақстан мен Испания арасындағы қарқынды сауда-экономикалық байланыстарда испандық жетекші компаниялардың қатысуымен елімізде ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылып жатқаны аталып өтті.

Қазақстандағы испан тілі мен мәдениетінің танымалдылығын ескере отырып, дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын мәдени-гуманитарлық жобаларды жан-жақты қарады. Сондай-ақ спорттық дипломатия мәселелері талқыланды.

Испания Елшісі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жандандыруға және одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз